Қазақстандық жүзушілер Грекияда сегіз медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы жүзуден Афина (Грекия) қаласында өткен халықаралық турнирде сегіз медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Алтын медальді Әділбек Мусин (100 метр баттерфляй), Ксения Игнатова (100 және 200 метр арқамен жүзу) иеленді.

Сондай-ақ Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын алды. Күміс медальді Айбат Мырзамұратов (100 метр брасс), Аделаида Пчелинцева (50 метр брасс) жеңіп алды.

Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй) пен Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс) қола жүлдеге ие болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты