Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

Жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық турнирде ел қоржынына 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль салды.

olympic.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, отандасамыз София Абубакирова жекелей сайыста 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден алтын медаль иегері атанды. Бұған қоса, София 4×50м еркін стильде, 4×100м еркін стильде және 4×50м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды. Ал 50 метрге шалқалап жүзуден қола жүлдені жеңіп алды.

Ұлттық құраманың мүшесі Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден бірінші орын алды. Ал 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанса, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ Максим 4×50м еркін стильде, 4×100м еркін стильде және 4×100м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.

Ал Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын алды. Сонымен қатар 4×50м еркін стильде, 4×50м аралас эстафетада бірінші орынды иеленді.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медальға ие болды. Бұдан бөлек, 4×50м еркін стильде, 4×50м аралас эстафетада жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.