Қазақстандық жұп әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзуден соңғы сайыс күні өтуде.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Отандастарымыз әйелдер арасында өткен еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізді.

Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ал Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова алтын медаль иеленсе (209.9784 ұпай), Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян 183.4671 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды