Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бес өкілі Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Маргарита Косинова мен Афина Чолакиди 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар 800 метрлік қашықтықта да финалға шықты. Дмитрий Спаский өз жарысын жеңіспен аяқтап, енді 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасының медалі үшін бақ сынайды. Ал қыздар арасында финалға Жалила Қанат пен Диана Салмина іріктеуден өтті.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды