Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Команданың қоржынында бір алтын медаль бар. Оны Полина Кузубова (жетісайыс) жеңіп алды. Онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға ие болды.

Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова және Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) жеңіп алды.

Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтады. Бірінші орынды Қытай иеленсе, екінші орын Өзбекстан командасына бұйырды, ал Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды