Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль иеленді

Семсерлесуден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Қараман қорғады.

Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Нәтижесінде ойын 45:35 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған Румыния құрамасын 45:36 есебімен жеңген еді.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды