Қазақстандық жас теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Әмір Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

ҚТФ

Алматы, NEGE Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.

Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.

Әмір Омарханов финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады