Қазақстандық велоспортшылар V Азия Пара ойындарында ел қоржынына қос алтын салды
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара велоспорттан екі алтын және бір күміс жүлде ұтып алды.
Астана, NEGE. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Алиев бірінші орын алып, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Олар B санатында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда 34 минут 09,17 секунд нәтижемен бірінші орынды иеленді.
Әйелдер арасында B класында өткен жеке уақытқа жарысуда Анастасия Калаус пен оның пилоты Полина Братчикова 32 минут 21,54 секунд нәтиже көрсетіп, V Азия Пара ойындараның алтын медалін иеленді.
Ал Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда 35 минут 26,64 секунд нәтижемен күміс медальға ие болды.