Қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.

Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді.

Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады.

Айта кетелік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?