Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 77-ракеткасы, ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен ойнады.

Бірінші партияны Дарт 6:4 есебімен өз пайдасына шешкенімен, одан кейін Путинцеваға қарсылық көрсете алған жоқ. Қазақстандық спортшы бет қаратпады – 6:0, 6:1.

Бір сағат 47 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 9 брейк-пойнттың жетеуін құр жіберген жоқ. Дарт 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Екінші айналымда Юлия Путинцева әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кортқа шығады.

Доданы екінші айналымнан бастайтын Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның қарсыласы кейін анықталады.

Ю.Путинцева жарақатына, Е.Рыбакина денсаулығына байланысты Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан еді.

Қазіргі кезде Ю.Путинцева WTA Live рейтингісінде 30-орынға көтеріліп тұр.

Жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын жарыс 19 тамызда мәресіне жетеді. Өткен жылы финалда Каролина Мухованы 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырған К.Гауфф үздік шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?