Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басым болған.

Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Осылайша, Скатов US Open турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады