5 января 2026 г. 15:09
Қазақстандық теннисші қыз халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Ахмедабадта өткен (Үндістан) халықаралық турнирдің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Астана, NEGE. Федерация мәліметінше, 21 жастағы Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге финалда доданың бірінші ракеткалары, жапониялықтар Мана Кавамура – Хонока Кобаясимен чемпиондық атақты сарапқа салған.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басымдық танытты. Аружан мен Мария екінші сетте де есесін жібермеген – 6:2.
Осылайша Аружан Сағындықова жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.