2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстандық теннисші Иван Пономарев Болгариядағы турнирде жеңіске жетті

София қаласында (Болгария) теннистен ITF Juniors J30 сериясы бойынша жасөспірімдерге арналған турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста 16 жастағы қазақстандық Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Иван швейцариялық әріптесі Чарли Базилмен бірге тартысты финалда украиналық-болгариялық жұп Родион Четвериков пен Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Иван үшін ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі алғашқысы болды. Бұған дейін ол жұптық сында Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінің финалдарына дейін жеткен еді.