Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы турнирдің алтын медалі үшін бақ сынайды

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан "World Taekwondo Diamond Game" турнирі өтіп жатыр деп хабарлады, Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әйелдер арасындағы командалық сайыста өнер көрсететін Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева финалға жолдама алды.

Отандастарымыз жартылай финалда Индонезия құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы финалдық жекпе-жекте Марокко құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?