Қазақстандық таеквондошылар Ирандағы ірі жарыста үш медаль жеңіп алды

Иран астанасы Тегеранда таеквондодан G-2 санатындағы 6th President’s Cup Asia Region турнирі өтті, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE.Аталған сында Қазақстан әйелдер командасының мүшелері үш медаль жеңіп алды.

49 келіге дейінгі салмақта Ботагөз Қапанова алтын медаль иеленсе, Наргиз Қойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, 67 келіге дейінгіі салмақта Камила Аймұқашева үздік үштікке енді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?