Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та өткен Гран-при кезеңін үш медальмен аяқтады

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы беделді турнирді үш жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

АҚШ-та екінші орынды Нодира Ахмедова иеленді. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Үшінші орыннан Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көрінді.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?