Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды

Бұл туралы Қазақстан таеквондо WT федерациясы хабарлады. 

Қазақстан таеквондо WT федерациясы

Алматы, NEGE. Фуджейра қаласында (БАӘ) таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды.

Ромашкин финалда 0:11 есебімен канадалық Никола Самордичқа есе жіберіп тұрып, үшінші раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 17:15.
Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионатының финалына дейін Иордания, Иран, AIN және Тайпей өкілдерімен кездесіп, оларды тізе бүктірді.

Дүниежүзілік додаға 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр