Әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен өткен Азия чемпионаты аясында әйелдер арасындағы су добынан үшінші орын үшін матч өтті. 

ҰОК

Алматы, NEGE. Қола медаль үшін Қазақстан және Таиланд құрамалары өзара бақ сынады. Негізгі ойын уақыты 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар 3:2 есебімен басым түсіп, жалпы нәтиже 9:8 болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін, 11 қазанда, ерлер құрамасы да үшінші орын үшін жарысқа шығады. Қарсылас – Жапония құрамасы.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі