Қазақстандық шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour турнирінде бесінші орынды иеленді

Сеулде (Оңтүстік Корея) шорт-тректен World Tour сериясының кезекті кезеңі аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының халықаралық турнирдегі ең үздік нәтижесін ерлер эстафеталық командасы көрсетті.

Денис Никиша, Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов, Мерсади Жақсыбаев финалда бесінші орынды жеңіп алды.

Әйелдер эстафеталық командасы да В финалында өнер көрсетті.

Яна Хан, Ольга Тихонова, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжғалиева мәреге екінші болып жетті. Олар әлемдік рейтингіде жетінші орынға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Құрылтайды кім басқарады?