Қазақстандық шахтерлер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кеншілер мен көмір өнеркәсібі ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

ktk.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда жыл сайын 31 тамызда Шахтерлер күні аталып өтеді. Бүгінде 30 көмір өндіретін кәсіпорында 32 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың арқасында жыл сайын 100 миллион тоннадан астам көмір өндіріліп, электр энергиясының 70 проценті шығарылады.

"Бүгінгі таңда да шахтерлер еліміздің дамуына шешуші үлес қосуда. Кенші еңбегі – нағыз ерлік. Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды өндіру жоғары біліктілікті ғана емес, толықтай жанқиярлықты қажет етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында энергетикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, өнеркәсіп дамып, Қазақстанның экономикалық әлеуеті нығая түсуде. Сіздер – еліміздің экономикасының тірегі әрі халықтың мақтанышысыздар", - дейді Ақкенженов.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды