Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатының финалына шықты

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ерлер құрамасы семсерлесуден финалға жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Команда құрамында ел намысын Елмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғап жатыр.

Отандастарымыз 1/8 финалда команда Түрікменстаннан 45:21 есебімен басым түсті. Одан кейін қазақстандықтар Сингапурды 43:31 есебімен жеңді. Жартылай финалда Қытайды 45:24 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Алтын медаль үшін Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Финал 21 маусымда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды