Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды

Нугул атты қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мейдан» ипподромында өткен 1200 метр қашықтықтағы бәйгеге 5 тұлпар қатысты. Нугул мен жокей Эндрю Слаттери 4-нөмірде жарыс жолына шықты.

Алғашында қазақстандық тұлпар бәрінен артта келе жатқанымен, мәреге бірнеше метр қалғанда оза шауып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің сәйгүлігі. Тұлпардың бапкері – үндістандық Бхупат Симар.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты