Қазақстандық пара таеквондошылар Паралимпиада ойындарының 3 лицензиясын иеленді
Қазақстандық пара таеквондошылар Паралимпиада ойындарының 3 лицензиясына ие болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Алматы, NEGE. Паралимпиада ойындарының квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде пара таеквондошымыз Нұрлан Домбаев, 80 кг салмақта Нышан Өмірәлі және -57 кг салмақта Кәмиля Досмалова биыл Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдамаға қол жеткізді.
Спортшыларымыз әлемдегі рейтингтің көрсеткішіне сәйкес, топ 20 үздік спортшылар қатарына кірді.
Бүгінгі күнге дейін қазақстандық пара спортшылар Париж-2024 Паралимпиада ойындарына 5 лицензияға ие болған: пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, волейболды отырып ойнау, пара каноэ және пара жүзу.
Еске сала кетсек, Токио-2020 Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 25 спортшымен таныстырылып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алып, 48 жалпы командалық орынға ие болды.