Қазақстандық оқушылардың күзгі каникулы қашан?

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды.