Қазақстандық оқушылар IEO-2024 халықаралық экономика олимпиадасында 5 медаль иеленді

Гонконгта IEO-2024 халықаралық экономика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі аяқталды. Оған әлемнің 53 елінен 250-ден астам оқушы қатысты. 

IEO-2024

Алматы, NEGE. Еліміздің намысын қорғаған бес қатысушының барлығы жүлдегер атанып, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды:

Күміс медаль – Айдархан Жұбатқан, Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Күміс медаль – Жәңгір Ильжанов, Алматы облысы «Дана» мектебінің 10-сынып оқушысы;

Қола медаль – Әлия Мұсаева, Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;

Қола медаль – Томирис Ыдырысбаева, Астана қаласының НЗМ 12-сынып оқушысы;

Қола медаль – Батырхан Мұхтархан, Қарағанды қаласының ХМБ НЗМ 9-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Нұрсұлтан Нұрмұханов – Назарбаев Университетінің магистрі; Медет Жамбаев – «Дарын» РҒПО-ның педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері.

Қазақстан командасы өткен жылмен салыстырғанда жалпы командалық есепте 10-нан жоғары сатыға көтеріліп, ең жоғары нәтижелерді көрсетті. Осылайша, біздің оқушылар әлемдегі ең мықты 10 команда және бизнес-кейс бойынша 7 команда қатарына кірді. Бұл нәтижеге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен экономика бойынша олимпиадалық резерв арасында алғаш рет өткізілген іріктеу мен оқу-жаттығу жиындарының арқасында қол жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды