6 ноября 2025 г. 15:34

Қазақстандық масондардың арасында билік өкілдері жоқ – ұйым өкілі

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық масондардың арасында биліктегі адамдар жоқ. Бұл туралы ұйым өкілі Сергей Кравченко Airan медиа арнасына берген сұхбатында айтты. 

Астана, NEGE. Сергей Кравченконың айтуынша, Қазақстанда шамамен 80 адамның масондыққа қатысы бар. Олар әртүрлі қалаларда тұрады. Ал «Қазақстанның Үлкен ложасы» деп аталатын масондық ұйымның жобаларына белсенді түрде 40–50 адам қатысады.

Оның сөзінше, ұйым құрамында саясаткерлер мен олигархтар жоқ. Көбіне мәдениет пен ғылым саласының өкілдері және кәсіпкерлер. 

«Олигархтар мұндай ұйымдарға қосылмайды, өйткені адам олигарх мәртебесіне жеткен кезде онда тым көп менмендік пен өзімшілдік пайда болады. Мұны масондықта жүзеге асыру қиын. Саясаткерлер де мүлде жоқ. «Масондықтар билікке орнығуды көздейді» деген пікірді жоққа шығарғым келеді. Керісінше, біз қандай да бір түсінбестік тумау үшін биліктен барынша алыс жүруге тырысамыз», дейді Кравченко.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада масондар ұйымы анықталғаны туралы ақпарат тараған. 

Тегтер: