2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Тиранада (Албания) жастар арасында әйелдер күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Лаура Ғаниқызы мен Алина Ертөстік қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде Лаура Ғаниқызы (50 кг) тартысты бәсекеде словакиялық Кристина Басичті тізе бүктірді.

Ал Алина Ертөстік (76 кг) Еуропа чемпионы, украиналық балуан Мария Орлевичті жеңді.

Қос балуан енді қола жүлдеге таласады. Лаураның қарсыласы – жапониялық Уми Ито. Алина тағы бір жапон қызы Нодока Ямамотомен белдеседі.