Қазақстандық клубқа жаңадан келген африкалық футболшы қашып кетті

Семейлік "Елімай" футбол клубына жаңа келген гамбиялық легионер Бубакар Травалли команда сапына қосылмай жатып қашып кетті, деп хабарлайды Рrosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Гамбия құрамасының футболшысы Бубакар Травалли "Елімайға" келіп, бапкерлердің қарауынан өтуі керек болған. Алайда, ол түнде қонақ үйде бүкіл затын тастап, өзі қашып кеткен. Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған. Мәселен, 2016 жылы "Челсидің" екі шәкірті "Ақтөбе" клубымен оқу-жаттығу жиынында жүріп қашып кетсе, одан алты жыл алдын испандық Хуан Безарес те дәл осы клубтан ешкімге айтпай кетіп қалған.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады