Қазақстандық гимнастар Грециядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды, ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үш алтын (көпсайыс, доппен және таспамен жаттығу) және екі күміс (шығыршық және булавалармен жаттығу) медаль иеленді.

Рысбек Айғаным көпсайыста алтын медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?