Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатынан тағы екі медаль жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия біріншілігінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшелері жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ақмарал Ерекешева доп жаттығуы бойынша күміске қол жеткізсе, Дария Көшербаева шығыршықпен жаттығуда қола медаль жеңіп алды.

Топтық жаттығудан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бес шығыршық бағдарламасында күміс жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бүгін ересектер арасындағы сында Айбота Ертайқызы таспамен, Эльжана Таниева шығыршықпен жаттығуда чемпион атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?