Қазақстандық гимнаст тұңғыш рет әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

Спорттық гимнастикадан Египет астанасы Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен ол 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бұл бәсекеде алтын медальді иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд (15.070) иеленсе, күміс жүлдені кореялық Вунг Хур (14.930) еншіледі.

Ал құрама үздігі Нариман Курбанов бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетелік, бұл Зейнолланың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады