Қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалға шықты.

Тұрар Қазанғапов

 Алматы, NEGE. Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Іріктеу барысында Карими екінші нәтиже көрсетіп, 14,166 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша да финалға өткен болатын. Ал ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлде үшін күреседі.

Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?