Қазақстандық гандболшылар 29 жылдан бері алғаш рет Азия чемпионатына аттанады

Бахрейннің Манама қаласы гандболдан ерлер арасындағы кезекті Азия біріншілігін қабылдайды. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Құрлық додасында 16 команда бақ сынайды. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жарыс қожайыны Бахрейнге қарсы өткізеді.

Бұдан бөлек D тобында тағы БАӘ мен Гонконг бар.

Чемпионат нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін 4 құрама әлем чемпионатына жолдама алады.

Айта кетелік, Қазақстан командасы араға 29 жыл салып, құрлық бәсекесінде бақ сынайды. Соңғы рет гандболдан ерлер командасы 1994 жылғы Азия біріншілігіне қатысып, 8-орын иеленген.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы