Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

18 наурыз күні Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетуі мүмкін.

ҚФФ

Астана, NEGE. Осы жағдайға байланысты қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға арнайы хат жолдады. Олар Давидтің еліміз тәуелсіздік алғаннан бері федерацияның бас хатшысы болғандардың ішінде кәсіби деңгейде футбол ойнаған алғашқы адам екенін атап өтті.

«Давид Лория – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы. Ол нәтижеге жетудің құнын, тәртіптің маңызын, бәсекенің мәнін және ел алдындағы жауапкершілікті өз тәжірибесі арқылы жақсы білетін тұлға», – делінген үндеуде.

Сонымен қатар, Лория UEFA Executive Master for International Players (UEFA MIP) атты беделді бағдарлама бойынша білім алған. Хат авторларының пікірінше, бұл оған қазақстандық футболды басқаруда халықаралық заманауи тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстан футбол федерациясының басшылығында осындай мінсіз беделі бар, футболда тәжірибесі мол, халықаралық деңгейде білімі бар әрі мемлекет сенім артқан адамдардың жұмыс істеуі аса маңызды деп санаймыз».

Хат соңында ардагерлер федерациядан Давид Лорияны қолдап, оған қазақстандық футболды дамыту жолындағы жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұрады.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды