Қазақстандық еркін күрес шеберлері U20 санатындағы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес бойынша жарыстар өз мәресіне жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды, соның ішінде біреуі алтын бар.

Әлем чемпионы атағын Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) жеңіп алды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты