Қазақстандық еркін күрес шеберлері Түркиядағы турнирде бес медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Біздің құрамамыз жарысты бес медальмен аяқтады.

Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) көтерілді.

Сонымен қатар команда қоржынына үш күміс медаль түсті. Начын Куулар (70 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) екінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан командалық есепте Түркияға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орын Болгарияға бұйырды.

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында Olimpbet пен 1XBET-ке бәс тіккен 10 шенеунік қызметінен қуылды

«Наурызды тойлауға болмайды»: Блогердің мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура ескерту жасады

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді