Қазақстандық еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан балуандар финалға шыға алмады. Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) алтынға бір қадам жетпей қалды.

Ол жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирға есе жіберді. Нәтижесінде Нұрқожа үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп, әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Сондай-ақ, Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін) де үшінші орынға ие болды. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде америкалық Джексон Форрестен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Ал Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты