Қазақстандық еркін күрес шеберлері Албаниядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды. Бірінші күні қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.

Ал Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлде иегері атанды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды