Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Софияда (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы бұл додада бес медальға қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады