Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 22 медаль алды

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті.  

Kazakhstan Judo Team

Алматы, NEGE. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық балуандар 2 алтын және 3 қола жүлде жеңіп алды. Ел құрамасынан Тоқтар Батырхан (90 келі) мен Мырзатай Қыдырбай (73 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Дәулеткерей Сефил (73 келі), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) және Ердәулет Жұмабай (90 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль еншілеген еді. Оның 5-еуі – алтын, 3-еуі – күміс, 9-ы – қола медаль.

Осылайша қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында барлығы 22 медаль олжалап қайтты.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған