Қазақстандық бітімгерлер әскери парадта жүріп өтті

Елордада Жеңістің 80 жылдығына орай өтіп жатқан әскери парадқа бітімгерлер тобы қатысты, деп хабарлады Kazinform.

Kazinform

Алматы, NEGE. Парадтық есептопты Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы І және II дәрежелі «Айбын» ордендерінің иегері подполковник Жігер Аипов бастады.

Астанада әскери парад өтіп жатыр. Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Оған елордадағы парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді.

Айта кетейік, 12 сәуірде қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды.

Еске салсақ, 2024 жылы наурызда Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті (139 әскери қызметкер) БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілді. Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?