Қазақстандық боксшылар Еуразия кубогінің жартылай финалына шықты

Ресейде өтіп жатқан бокстан Еуразия кубогі турнирінде жартылай финал жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан жастар командасы сапынан 13 боксшы жартылай финалға өтті. Олардың арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі), Әділбек Қожахан (54 келі), Ахмет Үсен, Асылхан Көшербай (63,5 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Дамир Синеев, Мадияр Бексұлтанов (80 келі) және Аслан Елдібайұлы (92 келі) ресейлік боксшылармен финал жолдамасын сарапқа салады.

Ал Әли Мұрат (54 келі) Моңғолия боксшысымен, Жансерік Көшербаев (57 келі) пен Төрехан Сабырхан (67 келі) Армения спортшыларымен жұдырықтасады.

Кездесулер бүгін өтетінін еске саламыз.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?