Қазақстандық боксшы Надежда Рябец қарсыласына есе жіберді

2018 жылғы әлем чемпионы қазақстандық боксшыны жарыс жолынан шығарды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хаарлайды 1bol.kz.

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қытайлық Лина Уангпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Уангқа берді. Сөйтіп ол ширек финалға жолдама алды. Ал Рябец Қазақстан боксшыларынан екінші болып, жарысты аяқтады. Бұған дейін 54 келіде өнер көрсеткен Элина Базарова бірінші айналымда өзбек боксшысына есе жіберген.

Айта кетері, Лина Уанг – 2018 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ үш дүркін қола жүлдегері (2019, 2025) және 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ал Надежда Рябец 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

Ал 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен бұрымды боксшымыз Виктория Графеева 1/16 финалда Косово елінің өкілі Донета Садикумен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Виктория 1/8 финалға жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады