Боксшы Құралай Егінбайқызы Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан бокс федерациясы

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды.

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

Үшінші орынға Айым Таңқыбаева (51 келіге дейін), Жәнел Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сәбина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?