Қазақстандық банктер 10 айда 2,1 трлн теңге таза пайда тапқан

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер үшінші тоқсанда 2,1 трлн теңге таза табыс тапты. 

ғаламтордан

 Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметінде Halyk bank пен Kaspi bank тиісінше 689,2 млрд және 431,7 млрд теңге кіріс кіргізгені көрсетілген.

Үздік үштікке «Банк Центр Кредит» (156,4 млрд теңге) енген. Одан кейін табыс көрсеткіші бойынша Jusan Bank (132,4 млрд теңге) пен ForteBank (24,7 млрд теңге) жайғасты.

БЦК заңды тұлғалар салған салым бойынша көш бастап тұр, оның мөлшері 2 трлн теңгеден асты. Жеке тұлғалар Halyk bank-ке көбірек сенім артқан (6,4 трлн теңге).

Екінші деңгейлі банктердің несие портфелі 33,7 трлн теңгені құрады. Мерзімі өткен сыйақыны қоса алғанда, кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы 1,1 трлн теңгені құрады. Жыл басында мұндай қарыз мөлшері – 856 млрд шамасында болған.

1 қарашадағы жағдай бойынша ЕДБ-лардың жалпы капиталы 8,4 трлн теңгені құрады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді