Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына тағы жеті медаль салды

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

UWW

Алматы, NEGE. Еркін күрестен жалғыз алтын медальді 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды.

Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс еншілесе, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Алан Оралбек (61 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) және Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің балуандары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?