Қазақстандық балуандар Венгриядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен "Polyák Imre & Varga János Memorial" турнирі өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға қол жеткізді.

Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншіледі. Ал Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға ие болды.

Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміске қол жеткізсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті