Қазақстандық балуандар Польшадағы турнирде тағы екі медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізді.

Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Ал Сайфулла Құрман жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған