Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды. Жалғыз алтынды Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) иеленді. Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) әйелдер күресінде қола медальға ие болды.

Грек-рим күресінде Ерасыл Мамырбеков, Ерсін Абыыр (55 келіге дейін) және Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) үшінші орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама еркін күрестен де үш жүлде жеңіп алды. Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін) және Рүстем Мырзағалиев (86 келіге дейін) қола жүлде еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды