Қазақстандық балуан Омар Сатаев Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Омар Сатаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль үшін бақ сынайды.

СДД

Алматы, NEGE. Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.

Бұл кезеңде қазақстандық спортшы жапониялық Тайзо Ёшидоны мерзімінен бұрын ұтып, финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Қабдыл (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі) және Ілияс Гучигов (97 келі) қарсыластарына жол берді.

Егер олардың қарсыластары финалға шықса, қазақстандық спортшылар қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?